26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«Алтай» ВК спортшылары жеңістері үшін ШҚО әкімдігінен 5 млн теңгеден алды 

29 марта 2016 Просмотры: 2 247
Алматы. 29 наурыз. Ақпараттар орталығы. Өскеменде ұлттық лиганың әйелдер командасы арасындағы волейболдан Қазақстанның XXIV чемпионаты аяқталды, онда «Алтай» жергілікті клубы жеңіске жетті, деп хабарлады ШҚО Ақпараттар орталығынан.    

Волейболдан ұлттық лиганың әйелдер командасы арасындағы Қазақстан чемпионаты финалының екінші матчы Өскеменде өтті. «Алтай» жергілікті командасы Талдықорғаннан келген «Жетісу» командасынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы болды.   
 
Алтын медаль мен волейболдан ұлттық лиганың чемпионы кубогын «Алтай» клубының ойыншылары мен жаттықтырушылар штабына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов тапсырды. Жеңімпаздар ШҚО әкімдігінен 5 млн теңгенің сертификатын алды  

Хабарда айтылғандай, енді «Алтай» әйелдер волейбол клубы Қазақстанның намысын Азия чемпионатында қорғайтын болады, ол 2016 жылдың 3-13 қыркүйегі аралығында Филиппинде өтеді. 

«Алтайдың» үш ойыншысы ҚР Волейбол Федерациясының арнайы сыйлығын алды.   Ирина Лукомская ең үздік байланыстырушы, Ольга Бирюкова – чемпионаттың үздік шабуылдаушысы атанды. Риддерлік волейбол тәрбиеленушісі Инна Матвеева ең бағалы ойыншы деп аталды.  
 
Хабарда айтылғандай, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы «Алтай» ерлер волейбол клубы да Қазақстан чемпионы болып еді.