26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

АӨК субъектілерін субсидиялауға өтінімдер қабылдауы басталды

21 января 2015 Просмотры: 1 231

«Қазагромаркетинг» АҚ қаржы институттарынан агроөнеркәсіп кешені (АӨК) субъектілері несиелерінің/лизингтерінің шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға өтінімдер мен құжаттарды қабылдауын бастады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Субсидиялау АӨК дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жүргізіледі.

Субсидиялауға номиналды жылдық сыйақы мөлшерлемесі теңгемен 14%-дан және шетелдік валютамен 10%-дан аспайтын несиелер мен лизингтер жатады.

Бағдарламаның шарттарына сәйкес айналым қаражатын толықтыруға, негізгі құрал-жабдықтарды сатып алуға, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бөлінетін несиелер және технологиялық жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға берілетін лизингтер бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемелері несие теңгемен алынған жағдайда 7%-ға және несие шетелдік валютамен алынған жағдайда 5%-ға төмендетіледі.

Мал шаруашылығымен айналысатын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін жемшөппен қамтамсыз ететін мамандандырылған ұйымдардың және мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарды сатып алуға арналған кредиттік шарттар бойынша несие теңгемен алынған жағдайда сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10%-ға және несие шетелдік валютамен алынған жағдайда жылдық 7%-ға төмендетіледі.

Бағдарламаға қатысқысы келетін барлық қарыз алушылар екінші деңгейлі банктер мен несие алған лизингілік компанияларға барулары қажет.