26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Ақжан Ештай жаңадан тағайындалған аудандық және оған теңестірілген сот төрағаларын таныстырды

5 января 2015 Просмотры: 1 386

«Бүгін Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұжымына жаңа басшыны таныстырды» — деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі. Аталған сотының төрағасы лауазымына, Астана қалалық сотының судьясы болып қызмет атқарған Даулен Жұмаұлы Балықов тағайындалды

Сонымен бірге сот баспасөз қызметінің хабарлаунша, бұрынғы сот төрағасы қызметін атқарған Жанат Сәқібайұлы Бекжанов Бостандық ауданының №2 аудандық сотының төрағасы болып тағайындалды.Ол Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы лауазымына тағайындалған Арман Жұмабайұлы Шамшиевті ауыстырды. Оларды тағайындау жөнінде Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті 2014 жылдың 24 желтоқсанда қол қойды.

Соттардың жаңа төрағаларын ұжымдарға таныстыру барысында А. Ештай: «Ұзақ жылға жуық судья болып қызмет атқарып, мол тәжірибе жинақтаған Д.Ж.Балықов пен Ж.С.Бекжанов сот жүйесінде өздерін жоғары білікті заңгер, шебер ұйымдастырушы ретінде таныта білді», — деп атап өтті.