26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Ақтөбе қаласындағы терактіде қаза тапқан 4 адамның отбасына 5 млн теңгеден беріледі

8 июня 2016 Просмотры: 2 112
Ақтөбе қаласындағы терактіде қаза тапқан 4 адамның отбасына 5 млн теңгеден беріледі

Алматы. 9 маусым. Ақпараттар орталығы. Ақтөбедегі терактіде қаза болған 4 адамның отбасы 5 млн теңгеден алады, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» ақпараттық орталығы.
 

« Ақтөбе облысының басшылығы Ақтөбедегі терактіде қаза болғандарға берілетін материалдық өтемақы мөлшерін Т5-ке дейін көтеру туралы шешім қабылдады», - делінген хабарда.
 

Еске салсақ, 5 маусымда Ақтөбеде екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімшесіне қарулы шабуыл жасалды. ІІМ ақпарынша, шабуыл жасағандардың көбі ұсталған. Тағы алты адам іздестірілуде.
 

Теракт салдарынан 7 әскери мен бейбіт тұрғын қаза тапты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаза тапқандар мен жараланғандардың отбасына облыс әкімдігі қажетті көмек көрсетіп жатыр.
 

Қаза тапқан ақтөбеліктердің қатарында – «Паллада» қару-жарақ дүкенінің 44 жасар сатушысы Андрей Максиенко, 69 жасар зейнеткер Николай Онищенко, 35 жасар Михаил Матросов бар. Олар қылмыскерлердің кездейсоқ құрбанына айналды. 33 жасар «Күзет» қызметкері Мерхан Тәжібаев өз міндетін орындау барысында қаза тапқан. 

Өткен жексенбіде орын алған террорлық жағдайға байланысты 9 маусым Қазақстанда аза тұту күні болып жарияланды.
 

Республика бойынша тулар төмен түсірілген. Мәдени-бұқаралық, спорттық және ойын-сауық шаралар кейінге қалдырылды. Ойын-сауықтық теле және радиобағдарламалар уақытша тоқтатылды.