26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Араб Әмірліктері ҚР Бас прокуратурасының сұратуы бойынша алаяқты экстрадициялады

3 мая 2016 Просмотры: 1 567
Араб Әмірліктері ҚР Бас прокуратурасының сұратуы бойынша алаяқты экстрадициялады
Алматы. 4 мамыр. Ақпараттар орталығы. Араб Әмірліктері ҚР Бас прокуратурасының сұратуы бойынша ірі мөлшердегі алаяқтығы үшін Алматының ІІД-мен іздестіріліп жүрген алаяқты берді, деп хабарлады ҚР Баспрокуратурасының баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісім аясында (16.03.2009ж.) Біріккен Араб Әмірліктерінің құзырлы органдары ірі мөлшердегі алаяқтық үшін Алматы қаласының ІІД іздеу жариялаған 28 жасар Николай Капустянскийді ұстап беру туралы Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауын қанағаттандырды», - делінген хабарламада.

Сонымен, Капустянский 2013 жылы алаяқтық жолмен коммерциялық мекеменің 5 миллионға жуық сомадағы ақшалай қаражатын иемденіп, жасырынған.

Бүгін Бас прокуратура мен ішкі істер органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің қолдауымен Н.Капустянскийді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экстрадициялады.

Қазіргі уақытта Н.Капустянский Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.