Астана мен Қызылорда арасында жаңа жүрдек пойыз қатынайды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында жолаушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында 2014 жылдың 29 желтоқсанынан бастап «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған «Астана-Қызылорда» бағытындағы №89/90 жолаушылар пойызын жіберетіні жайлы хабарлайды. Құрам 4 күнде 1 рет қатынайды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
Пойыз 23 вагоннан тұрады, оның ішінде 2 «Бизнес», 2 «Гранд», 14 «Турист», 2 вагон ресторан және 3 техникалық вагон бар.
Құрам Қарағанды, Сарышаған, Шу, Жамбыл, Шымкент, Арыс-2, Түркістан станцияларына аялдайды. Қызылордаға дейінгі жол 22 сағат 25 минутты, қайтар жол 23 сағат 22 минутты құрайды.