Астанада 2015 жылы жаңа 6 өндіріс іске қосылып
Бұл бағытта мемлекет тарапынан ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Бір ғана «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында Астанада 8 мыңға жуық жұмыс орнын сақтап, қосымша 4 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға қол жеткізілді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі
«2015 жылы жаңа 6 өндіріс іске қосылып, оларда жаңа 1600 жұмыс орыны құрылады деп жоспарлануда. Осы орайда біздің басты мақсатымыз — оң нәтиже көрсетіп отырған қала экономикасының қарқынды өсімін сақтап қалу», — деді Әділбек Жақсыбеков.