26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Астанада әскери саладағы сенімділікті нығайту бойынша семинар өтуде

19 марта 2015 Просмотры: 1 088

Ұлттық қорғаныс университетінде Қытаймен арадағы әскери саладағы сенімділікті нығайту жөніндегі келісімді іске асыру бойынша тәжірибе алмасу және шекара аумағындағы қарулы күштерді қысқартуға бағытталған семинар өтуде, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

1996-1997 жылдардағы қол қойылған келісімдер Қытай Халық Республикасының Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан Республикалары, Ресей Федерациясы арасындағы тату көршілік, өзара сенімділік және ынтымақтастық қатыснастарының одан әрі нәтижелі дамуына түрткі болуда.

Келісім-шарттар аталған мемлекеттер бірлестігі мен Қытай арасындағы сенімділік шараларын нығайту және өзара қарым-қатынастардың әскери құрылымын қысқарту жолына жасаған алғашқы нақты қадамдар.

Аталған келісімдер 2001 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуына негіз болған. Семинар жұмыстарына Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан делегациялары қатыспақ. Онда мамандар Келісімдерді іске асыруда тәжірибемен бөлісу аясында пікір алмасып, инспекциялық және ескерту іс-қимылын өткізу бойынша практикалық мәселелерді талқылайды.