26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Астананың жүргізушілері айыппұлды POS-терминал арқылы төлей алады

4 мая 2016 Просмотры: 1 911
Астананың жүргізушілері айыппұлды POS-терминал арқылы төлей алады
Алматы. 4 мамыр. Ақпараттар орталығы. Елордада әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдарды қолма-қол ақшасыз төлеуге арналған жылжымалы POS-терминалдар таныстырылды, деп хабарлады Астана әкімдігінің сайты.

Хабарланғандай, терминалдар барлық банктік карталарды қабылдайды және елордалық көлік әуесқойлары айыппұлды сол жерде төлей алатын болды.

Осы ретте аталып өткендей, айыппұл төлеу процедурасын жеңілдету үшін POS-терминалдардың жаңа үлгілері сатып алынды.

«Бүгінгі таңда полиция қызметкерлері оқудан өтті және қазірдің өзінде жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін сол жерде айыппұл төлеу үшін 30 POS-терминал пайдаланылып жатыр. Бұл пилоттық жоба тек Астанада ғана қолға алынған», - деді Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы автоматтандыру және электрондық қызметтер бөлімінің басшысы Нұржан Әділов.

Алғашқы жеті күннің ішінде сол жерде айыппұл төлейтін жүргізушіге 50% жеңілдік жасалады. Терминал арқылы төлегені үшін комиссия мөлшері айыппұл сомасының 1,5% құрайды. Егер айыппұл мөлшері 5,250 теңге болса, 79 теңге комиссия алынады.