26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Атырау облысында 2016 жылдың соңына қарай полипропилен шығаратын зауыт салынады 

15 июня 2016 Просмотры: 2 137
Атырау облысында 2016 жылдың соңына қарай полипропилен шығаратын зауыт салынады 

Алматы. 15 маусым. Ақпараттар орталығы. Атырау облысында АЭА базасында ағымдағы жылдың соңына қарай полипропилен шығаратын зауыт құрылысы басталады, деп хабарлады ҚР энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев.
 

«Атырау АЭА-да полипропилен шығару жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Біз бұған дейін де айтқанбыз, бізда аталмыш жоба бойынша барлық құжаттама бар, зауыт қажеттілігі үшін қажетті инфрақұрылым құрылысы жалғасуда, қытайлық мердігерлермен тиісті келісім шартқа қол қойылды. Қазір қаржы тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Біз полипропилен шығаратын зауыт жобасы бойынша құрылыс жұмыстары 2016 жылдың соңында басталады деп ойлап отырмыз. Мемлекет қажетті және жүйелі көмекті ұсынып отыр», - деді М.Мырзағалиев «Орталық Азиядағы мұнай өңдеу және мұнай-химия» тақырыбындағы конференцияда. 


Ол соңғы жылы әлемдік мұнай-газ саласы экономикалық тұрақсыздық пен энерготасымалдағыштар бағасының төмендеуі салдарынан бірқатар түбегейлі өзгерістерге ұшырағанын атап өтті. 


«Қазақстан экономикасының алдында өзгеріске ұшыраған сыртқы жағдайларға бейімделу міндеті тұр», - деді вице-министр.
 

Оның айтуынша, мұнайгазхимия өнеркәсібінде бәсекеге қабілетті өндіріс құрылысы мен мұнай өңдеуші қуаттарды жаңарту жобаларын жүзеге асыру Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытудың басым бағыты болып табылады.