26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Банктерге үлкен көлемде берешегі болған қазақстандық Ресейге қашып кетпекші болды

2 мая 2016 Просмотры: 1 855
Банктерге үлкен көлемде берешегі болған қазақстандық Ресейге қашып кетпекші болды

Алматы. 3 мамыр. Ақпараттар орталығы. Банктерге үлкен көлемде берешегі болған 46 жастағы Рудный тұрғыны заңсыз шекарадан өткені үшін сотталды, деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.
 

Хабарланғандай, Рудный тұрғыны өзге азамат пен үш банктың алдында 6 млн қарызы бола тұра және қалалық соттың ел аумағынан шығуына тыйым салғанына қарамастан шекараны заңсыз басып өткен.
 

Борышкердің өзі түсіндіргендей, ол 2015 жылдың 28 қарашасында Таранов ауданының «Аят»ҚӨБ-ға келіп, бекітілген заңды тәртіп аясында шекарадан өту үшін рәсімдеуге төлқұжаттын ұсынған. Алайда оған өтуге тыйым салынған. Сол кезде ол өткізу пунктінен тыс жерден шекарадан өтпекші болады.
 

2015 жылдың 30 қарашасында кеш түскен шақта Қарабалық ауданының «Қайрақ» ӨБ келеді, қараңғы түскеннен кейін өткізу пунктың сол жағынан айналып өтіп, шекарадан асып кетеді. Алматы-Екатеренбург тасжолына шығып, жолай көлік тоқтатып РФ-дағы «Бугристое» шекара бекетіне жетеді. Онда төлқұжат тексеруінен өтеді.
 

Қарабалық аудандық соты азаматты кінәлі деп тауып, оны алты ай бас бостандығынан айырды, айыпты жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.