26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«Бәйтерек» ҰБХ орта бизнесті қолдау бағдарламасы шикізаттық емес сектор өндірісін құруға бағытталған

3 февраля 2015 Просмотры: 1 258

Қазақстанда орта бизнесті қолдау бағдарламасы өзінің әрекет етуінің алғашқы жылында экономиканың үш негізгі секторына шоғырланады, деп хабарлады Басқару комитетінің отырысында «Бәйтерек» ҰБХ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев.

«Алғашқы жылы біз үш салаға шоғарланбақшымыз: азық-түлік өнеркәсібі, машина жасау және құрылыс материалдары өндірісі», -деді Қ.Бишімбаев.

«Бәйтерек» холдингі бастамашылық еткен орта бизнесті қолдаудың жаңа бағдарламасы өңірлік және әлемдік ауқымдағы компанияларды қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті экспортқа бағытталған шикізаттық емес сектор өндірісін құруға бағытталған.

«Соңғы 3 жылда өсімнің оң динамикасын көрсеткен, соңғы 3 жылда шетел нарықтарына бір рет болсын өнім экспорттаған, активтері 2 млрд теңгеден асатын орта бизнес. Әрине, біз бірінші кезекте капиталда қазақстандық қатысуы бар кәсіпорындардың өскенін ынталандырамыз. Қазіргі жұмыс орындарының саны 200-ден кем емес», — деді басқарма басшысы.

Холдинг осындай қажетті талаптарға сәйкес келетін 30 компанияны іріктеп алған.