26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

БЖЗҚ-ның қаржысы ШОБ субъектілерін қаржыландыруға бағытталуы тиіс – Ұлттық банк

7 апреля 2016 Просмотры: 1 899
Алматы. 7 сәуір. Ақпараттар орталығы. Бүгінде Ұлттық банк банктердің қаржы құралдарына инвестицияланған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) қаржысын пайдалану тетіктерін қарастыруда, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Мәселе жақын арада банктер арқылы инвестицияланатын 200 млрд теңге туралы болып тұр. БЖЗҚ-ның банктер арқылы инвестицияланған қаржысы пайыздық үстемақыны субсидиялауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен байланысты болады, деп хабарлады Ұлттық банк басшысы Данияр Акишев.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БЖЗҚ қаржысының сақталуын қамтамасыз ету үшін үкіметке 500млрд теңгені шетелде инвестициялауға, ал 600 млрд теңгені жергілікті банктер мен компаниялардың «шартты» облигациряларына салуды тапсырды.

«Шарттылық бұл қаржының шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға бағытталуға тиіс екенін білдіреді», - деді Д. Акишев.

Хабарланғандай, 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша зейнетақы жинағының сомасы 5,83 трлн теңгені құраған болатын.