26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Б.Сапарбаев отандық авторларға қолдау көрсету керектігін айтты

16 февраля 2015 Просмотры: 1 453

Бұл жһнінде ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында хабарлады.

Вице-премьердің айтуынша, республикалық бюджеттен отандық фильмді өндіру үшін 2014 жылы 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген болсада, бірақ отандық фильмдер бәсекеге қабілетті болмай отыр.

«Анимациялық фильмдерді шығаруда да проблемалар бар. Жаңа шығармалар жазу үшін «Тәуелсіздік толғауы» конкурсы аясында бюджеттен 45-50 млн теңге бөлінеді. Алайда, сол конкурстан жеңіп шыққан шығармаларды сахналардан көрмейміз, не естімейміз», — деді Б. Сапарбаев.

Ол театрлар мен киноиндустрия репертуарларын қазақстандық шығармалармен жаңарту үшін отандық авторларды қолдау бойынша жұмысты жандандыру қажетігін атап өтті.