26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Бүлікшілердің әрекетіне имамдарды кінәлау орынсыз болып табылады - Исахан

13 июня 2016 Просмотры: 1 617
Бүлікшілердің әрекетіне имамдарды кінәлау орынсыз болып табылады - Исахан

Алматы. 13 маусым. Ақпараттар орталығы. Бүлікшілердің әрекетіне имамдарды кінәлау орынсыз болып табылады, деп мәлім етті ҚР мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығы Исламды зерттеу бөлімінің басшысы Мұхан Исахан.
 

Ғалым имамдардың жат ағыммен ағартушылық бағытта талмай жұмыс жасап келе жатқанын жеткізді, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының (ҚМДБ) баспасөз қызметінен. 

«Ақтөбедегі жағдай барлығымыздың жанымызға батып отыр. Бүлікшілердің әрекетіне имамдарды кінәлау – орынсыз. Қай тұрғыдан алып қарасақ та имамдар қорғансыз. Бұл бағыттағы жұмысқа Діни басқармамен қоса, ең бірінші, құқық қорғау органдары да жауапты. Дін қызметкерлі жат ағыммен ағартушылық бағытта үздіксіз жұмыс жасап келеді», – деді М. Исахан Ғұламалар кеңесінің кезектен тыс отырысында.

Басқосу барысында ғұламалар Ақтөбеде орын алған лаңкестік оқиғаға байланысты ҮНДЕУ қабылдап, елдегі діни ахуалдың жайы, дін мамандарының діни тұрақтылықты қамтамасыз ету жолы және қоғамның діни сауаттылығын көтеру жайы талқыланды, деп атап өтті ҚМДБ-де.