26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Щучье-Бурабай курортты аймағын дамытуға 2014-2016 жылдары 47 млрд. теңге бөлінеді

18 февраля 2015 Просмотры: 1 094

Бұл туралы өзінің халық алдындағы есептік кездесуінде өңір басшысы Сергей Кулагин айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Жоспар бойынша ең алғашқы кезекте жылумен, сумен тұрақты қамтамасыз ету, экологиялық қауіпсіздіктің сақталуына жауап беретін, біріңғай кәріз жүйесінің құрылысын салу, жолдардың құрылысы мен жөндеуі мәселелерін шешу қарастырылған» — деген С.Кулагин.

2014 жылы республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен 3,8 млрд. теңге соммасына іс-шаралар өткізілген. Ал 2015 жылы Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту жоспарын жүзеге асыруға 2,6 млрд. теңге бөлінген.

ЩБКА дамыту Жоспарының шеңберінде ТКШ, сумен жабдықтау және су бұру, көліктік жобаларды іске асырумен қатар, туристік инфрақұрылым объектілерін дамыту бойынша да шаралар жүзеге асырылуда.

Мысалыға, көпсалалы мәжіліс-залы мен нөмірлік қоры бар, халықаралық стандартқа сай «Парк Хаус» отелі, жоғары деңгейлі емдік кешені бар «Терасса Парк» отелі іске қосылған. Жақында Бурабай курортты аймағында «Rixos» отелі аумағында, жыл бойы үздіксіз қызмет көрсететін вейк-саябағы ашылды, дейді баспасөз қызметі.