26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Даниал Ахметов Семейде тігілген киімді сатып алуды ұсынды

12 февраля 2016 Просмотры: 1 764

Алматы. 12 ақпан. Ақпараттар орталығы. Семей қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов «СемСпецСнаб» тігін фабрикасында болды, деп хабарлады ШҚО Ақпараттар орталығынан. 

Хабарда айтылғандай, өңір басшысының назарына әсіресе сапасы мен дизайны ерекше жейделер түсті.
«СемСпецСнаб» ЖШС шеберлері мен технологтары тігін бұйымдарының дәстүрлі жоғары сапасын сақтауға тырысады. Бүгінгі таңда мұнда 300 адам еңбек етіп жатыр. Кәсіпорын өзін облыс аумағында жұмыс жасайтын ұлттық компаниялар, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін арнайы киім тігуде жақсы жағынан көрсете алды.
Өнім түрлерімен танысқан облыс әкімі оның киім гардеробында осы кәсіпорынның жейделері барын атап өтті.
«Бұл жейделердің сапасы жоғары, және олар осыған ұқсас импорттық өндіріспен бәсекелесе алады. Неге біздің ер азаматтарымызға жергілікті өндірушілердің өніміне назар аудармасқа? Олар оның сапасынан да, әдемілігінен де өкінбейді», – деді Д.Ахметов.
Фабрика директоры Айнұр Ахметованың айтуынша, кәсіпорын сатып алушылар үшін азаматтық киімдерді тігу желісін жаңартады.
Айта кетерлігі, 2015 жылдың қорытындысы бойынша мемлекет қазынасына түсетін барлық кірістің 52 %-ы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының салықтық аударымдар үлесіне тиесілі.