26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Жер пайдалану мәселесі талқыланды

22 июля 2016 Просмотры: 1 635 Политика,  Экономика
Жер пайдалану мәселесі талқыланды
Алматы. 22 шілде. Ақпараттар орталығы. Облыс әкімдігінде жер пайдалану мәселесі талқыланды, деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Баспасөз қызметінің ақпарынша, облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіровтің төрағалығымен облыстық жерге орналастыру қызметінің жартыжылдық қорытынды жиналысы өтті.
Жиында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ж.Омаров жергілікті атқарушы органдардың жер ресурстарын тиімді пайдалануы туралы баяндама жасады.
Баяндамашының айтуынша, жер реформасы мәселелері бойынша «Call-орталығы» құрылып, кезекшілік кестесі бекітілген. Мұндай орталықтар аудан, қалаларда да жұмыс істейді.
«Қазіргі уақытта мемлекеттік маңызы бар жобалар Жамбыл, Қарасай, Іле, Талғар аудандарының аумағынан өтетін «Казыбек-бек-Жетіген темір жолына», Алматы қаласынан шығып «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына» қосылатын Саин, Рысқұлов, Ақын Сара көшелеріне, Талғар ауданындағы «Ақбұлақ-Бірлік-Талғар» автомобиль жолдарына, жеті ауданның аумағында жүргізіліп жатқан «Алматы-Талдықорған», «Байсерке-Қапшағай» газ құбырына қажетті жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару жұмыстары жүргізілуде»,- деді Ж. Омаров.
Ол сонымен қатар «Гейт Сити» серіктес қаласының жол-коммуникациялық дәлізіне, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысына және осы қалаға қажетті газ құбырына түсетін жер учаскелерінің құжаттарын дайындау мәселелеріндегі кемшіліктерге тоқталды.

Читайте также