26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Жыл басынан бері Қазақстанда 109 адам суға кетті, оның 37-сі балалар 

1 июня 2016 Просмотры: 1 406
Жыл басынан бері Қазақстанда 109 адам суға кетті, оның 37-сі балалар 
Алматы. 2 маусым. Ақпараттар орталығы. Қазақстанда жыл басынан бері 109 адам суға кетті, оның ішінде 37-сі балалар, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен. 

«Қазіргі таңда елдегі өзен-көлдерде суға кеткен адамдар саны артуда, 2016 жылы 109 адам суға кетсе, оның 37-сі балалар. Тек ағымдағы жылдың мамыр айында ғана 45 адам суға кеткен, бұл ретте елдің басым аумағында суға түсу маусымы әлі басталған жоқ», - делінген бейсенбідегі ТЖ Комитетінің хабарында. 

Суға кеткендердің жалпы санының 30% -дан астамы – үлкендердің қарауынсыз су маңында қалған балалар.
Қайғылы жағдайдың 34-і адамдардың балық аулау кезінде жеке құтқару құралдарын өздерімен бірге алмай, қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан орын алған. 

Ведомствода атап өткендей, адамдардың суға кету жағдайларының барлығы құтқару бөлімшелері жоқ, жабдықталмаған өзен-көлдер мен жабайы жағажайларда тіркелген, «Сулардағы қайғылы жағдайға көбіне адамдардың өздері себепші болып жатады. Олардың өз-өздеріне мықты сенуінен, өз күштерін артығымен бағалауынан, суда жүрудің қарапайым ережелерін елемеуі салдарынан орын алады», - деп мәлім етті құтқарушылар.