26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Елбасы ұлттық компанияларға ұлттық валютаға қолдау көрсетуді ұсынды

10 февраля 2015 Просмотры: 918

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында ұлттық компаниялар мен холдингтерге есептесуді теңгемен жүргізуді және ақшаны ұлттық валютаға айырбастауды ұсынды.

«Жалпы холдингтер мен ұлттық компанияларға ақшаны айырбастау арқылы қазақстандық валютаға қолдау көрсетуді ұсынамын. Әрине, келісу қажет, мұның теңге үшін маңызды екенін ескерген жөн. Бұл барлық ұлттық компанияларға айтқан сөзім», — деді Н.Назарбаев.

Президент үкімет пен ҚР Ұлттық банкі теңге бағамының күрт ауытқуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қолданатынын атап өтті.

«Әрине, сіздердің де мүдделеріңізді ескерген жөн, бірақ қазір теңгеге қолдау көрсетуіміз керек», — деді Елбасы.