26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Елорда қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп эталоны болуы керек

28 января 2015 Просмотры: 1 307

Елодада заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері, жемқорлық және экстремистік белгілерге қарсы әрекет ету шаралары, сонымен қатар бюджеттік қаржыны мақсатты пайдалану Астана қаласы прокуратурасының 2014 жылғы жұмысының қорытындысын талқылауға арналған кеңейтілген алқа отырысының басты тақырыбына айналды, деп хабарлайды Астана қ. әкімінің баспасөз қызметі.

2014 жылдың қорытындысы бойынша жалпы құны 283,3 миллиард теңгені құрайтын мүлік бюджетке қайтарылған. Жалпы, 6 миллиард теңгеден астам әкімшілік айыппұл өндіріп алынған.

Бақылау-қадағалау органдарының тарапынан мемлекеттік органдардың жұмысын қиындататын тексерулерді болдырмау мақсатында  Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков жүйелі шараларды қабылдауды ұсынды.

- Бүгінде тексеру іс-шараларын жүргізу мәселелері бойынша бақылау-қадағалау органдарының жұмысында жүйелілік пен келусішілік жоқ. Бұл мемлекеттің еңбек және материалдық ресурстарын тиімсіз пайдалануға әкеледі. Тіпті, Басқарманың қызметкерлерінің үштен екі бөлігі тексеру барысында назарын негізгі жұмыстан басқаға аударуға мәжбүр болады, — деді қала басшысы.

2014 жылы қалалық прокуратура жекеменшікті және мемлекеттік құрылымдарда 347 тексеру жүргізген.

Әкімнің айтуынша, прокуратура қызметкерлері, бірінші кезекте халыққа заңдардың мазмұнын түсіндіру керек, жеке және заңды тұлғалар заң бұзушылықтың жазаға әкелетінін дұрыс түсінуі керек. Астана еліміздің тыныс-тіршілігінде маңызды роль атқаратындықтан, қалалық прокуратура да елордалық мәртебеге сай болуға тиіс, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде үлгі аларлық органға айналуы керек.

- Біздің мақссатымыз бір – Астананы заманауи, жайлы қауіпсіз қалаға айналдыру. Прокуратура жоғары қадағалау қызметін атқарады, елордадағы қоғамдық-саяси тұрақтылық оның қызметіне байланысты, — деді әкім.