26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Эйр Астана жолаушыларды рейске ұшар алдында кем дегенде 3 сағат бұрын келулерін сұрайды

28 июня 2016 Просмотры: 1 076
Эйр Астана жолаушыларды рейске ұшар алдында кем дегенде 3 сағат бұрын келулерін сұрайды
Алматы. 29 маусым. Ақпараттар орталығы.  Air Astana Ататүрік халықаралық әуежайында болған қайғылы оқиғаға байланысты қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтады, деп хабарлады авиакомпанияның баспасөз қызметінен.  

Қазіргі уақытта Ыстамбұлдағы   әуежай ашық жәнеқауіпсіздік және бақылау шараларының күшейтілуіне байланысты, авиакомпания жолаушыларды рейске ұшар алдында кем дегенде 3 сағат бұрын келулерін сұрайды.
«Авиакомпания оқиғаны мұқият бақылауда және ол үшін жолаушылар мен экипаждыңқауіпсіздігі маңызды болып табылады.

Қосымша ақпарат алу үшін Брондау және ақпарат орталығына хабарласуыңызды сұрайды: Алматыдағы тел: + 7 (727) 244 44 77, Астанадағы тел: +7 (7172) 58 44 77 немесе авиакомпанияның авиабилеттерді сату кеңселері  мен   агенттіктеріне хабарласыңыз», - делінген хабарда.

Түркияға 2016 жылдың 15 шілдесіне дейін ұшатын  "Эйр Астана" билеттерін сатып алған жолаушыларға әуекомпания билеттерді айыппұлсыз қайтаруға, саяхаттау мерзімін айыппұлсыз өзгертуге, саяхат бағытын айыппұлсыз ауыстыруға дайын.