26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Гузель Тулегенова 200 айлық көрсеткіш айыппұлға жазаланды

13 января 2015 Просмотры: 2 770

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотықұқықбұзушы Тулегенова Гузель Ахметовнаны ҚРӘкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 468-1 бабымен кінәлі деп танып, оған 200 айлық көрсеткіште (396,4 мың тенге) айыппұл салынғаны жөнінде мәлімдейді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

2015 жылдың 8 қаңтарында Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының өндірісіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 468-1 бабымен және 469 бабымен Гузель Тулегеноваға қатысты әкімшілік іс түскен.

Көлік жүргізуші Г. Тулегенова 2014 жылы 08 қараша күні «Шевролет» маркалы автокөлік құралын басқарып, Алматы қаласы Құрманғазы көшесімен шығыс бағытта келе жатып Шағабутдинов көшесінің қиылысында, жаяу жүргінші А. Байкулованы қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші денсаулығына орташа түрдегі зақым келтірілгені аңықталған.

«2015 жылдың 9 қаңтарда Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен, құқықбұзушы Гузель Тулегенованы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 468-1 бабымен кінәлі, көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол жүрісі және көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзды деп танылып, оған 200 айлық көрсеткіште айыппұл салынды, ал ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 469 бабымен қозғалған әкімшілік істі әкімшілік құқықбұзушылықтың құрамының болмауына байланысты іс сот өндірісімен қысқартылды», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 МРП — 1 982 теңгеге теңеледі