26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды

10 сентября 2020 Просмотры: 1 460 Спорт
Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды

Алматы. 10 қыркүйек. Ақпараттар орталығы -Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Қазақстан спортшылары одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқаратын болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасы арқылы хабарлады.  «Бүгін сіздермен жақсы жаңалықпен бөліскім келіп тұр. Мен Қазақстандық спортшылар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқара бастадым. Филиал ресми түрде 2020 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелген. Менің туған өңірімде спортты дамыту үшін алдағы үлкен жоспарларым бар. Мен өз алдыма үлкен мақсаттарды қойдым, оларды міндетті түрде жүзеге асырамыз деп үміт артамын!», - деп жазды.

Источник: Хабар 24

Читайте также