26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ХҚҚДБ Қазақстанда энергия тиімділігін арттыруға 17 млн. доллар бөледі

4 февраля 2015 Просмотры: 1 065

2015 жылы Халықаралық Қайта құру және Даму банкінің (ХҚҚДБ) инвестициялары есебінен 19 қазақстандық әлеуметтік нысанның энергия тиімділігін арттыру қамтамасыз етіледі, деп хабарлады Мәжілістің отырысында ҚР инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау.

Аталған инвестициялар «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму банкінің «Қазақстандағы энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойныша грант туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы аясында қарастырылған.

Барлығы жоба аясында 17,7 млн доллар сомаға 70 әлеуметтік нысан қаржыландырылады.

Жалпы бағдарлама бойныша әлеуметтік маңызды нысандарда энергия тиімділігін қамтамасыз ету жолында экономикалық негіздемесі бар жобалар жүзеге асырылады.