26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Мәжілісте Кәсіпкерлік кодексінің жобасы талқыланды

3 февраля 2015 Просмотры: 1 194

ҚР Кәсіпкерлік кодексі жобасында бизнес пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасы саласында заңнамалық нормалар жүйеге келтірілді, деп мәлімдеді ҚР әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина ҚР Парламенті Мәжілісінде заң жобасын таныстыру кезінде.

Кодекс жобасында 19 қағидат айқындалған, солардың негізінде кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет өзара әрекет ете алады.

Дербес бөлім кәсіпкерлік пен мемлекеттің келесі бағыттар бойынша өзара іс-қимылы мәселелеріне арналған: кәсіпкерлік субъектілерінің норма жасауға қатысуы; кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырыс; мемлекеттік-жеке меншік серіктестік; кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі; кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу; жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.

КК жобасында экономикалық бәсекелестік; рұқсаттар мен ескертулер; техникалық реттеу; бағаны мемлекеттік реттеу; міндетті сақтандыру; мемлекеттік бақылау және қадағалау сияқты кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу формалары мен қаражаттары жүйеге келтірілген.