Маңғыстау облысында браконьерлерден екі центнерден астам бекіре тұқымдас балық алынды
ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің (АШМ) Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлері рейдтік шараларын жүргізу барысында Каспий теңізі жағалауында «УАЗ» автокөлігін мінген 3 азаматты ұстады, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.
Тексеріс кезінде жалпы салмағы 219 кг болатын 58 дана бекіре тұқымдас балық табылып, алынған. Соған қоса, жағалауда «Меркурий-40» аспалы моторымен «Прогресс-2» қайығы табылған.
«Қазіргі таңда жинақталған материал құқық қорғау органдарына жолданды», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.