26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік туралы» ҚР заң жобасы Мәжілісте тыңдалды

10 февраля 2015 Просмотры: 2 133

«Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік туралы» (МЖС) ҚР заң жобасы мемлекеттік активтерді басқаруға кәсіпкерлерді тартуға көмектеседі, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Марат Құсайынов ҚР Парламенті Мәжілісінде құжатты таныстыру кезінде.

«Заң жобасының міндеттері мемлекеттік активтерді басқаруға жеке меншік секторды тарту; бюджетке жүктемені азайту; инвестициялар тарту; МЖС жобаларын жүзеге асыруға квазимемлекеттік субъектілердің қатысуы болып табылады», — деді М. Құсайынов.

Ол бүгінгі таңда Қазақстандағы МЖС күрделі және капитал сыйымды жобаларға қолданылатын концессия және «Мемлекеттік мүлік туралы», мемлекеттік мүлікті жалға беру және сенімді басқару туралы заң нормалары түрінде ұсынылғанын айтты.

М.Құсайыновтың айтуынша, Қазақстандағы МЖС келісім-шарттарының құрылымы әзірге тек құрылыспен және жөндеумен байланысты; жеке меншік сектордың МЖС жобаларына бастамашылық етуі бойынша тетіктер жоқ; МЖС жобаларын өту рәсімдері күрделі әрі ұзақ болып қалған.

Сондай-ақ, заң жобасы МЖС келісім-шарттарының құрылымын анықтайды, жеке қаржы бастамасын енгізеді, сонымен бірге квазимемлекеттік компаниялардың МЖС жобаларға қатысу формалары анықтайды.