Мемқызметкерлер жұмыста қымбат киім кигені үшін жауапқа тартылады
Алматы. 24 маусым. Ақпараттар орталығы. Белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс мемқызметкерлердің моралдық-этикалық сипаты мен сыртқы түрін этика жөніндегі құзырлылар қадағалайтын болады, деп мәлім етті ҚР Мемлекеттік істер жөніндегі министрлігі мемлекеттік қызметті басқару басқармасының жетекшісі Мақсат Мусин.
«Мемлекеттік қызметкерлер заттарының бағасы қойылған жоқ, Этикалық кодексте ортақ ұстанымдар қойылады – қарапайымдылық және этика. Қазіргі таңда ортақ мемлекеттік қызметкерлердің моральдық-этикалық нормалары анықталуда. Сәйкес келу немесе келмеу этика бойынша құзыреттілікпен анықталады», - деді М.Мусин.
Бұл ретте этикалық нормалардың сақталуына мемлекеттік қызметкердің өзі жауап береді.
«Егер де аталмыш нормалардың сақталуына күмән туатын болса, олар сәйкесінше консультация мен нұсқауларға ие бола алады. Ал, этика бойынша құзыретті нұсқауларға көнбеген жағдайда құзырлы орган жауапкершілікке басқа құрал арқылы тарта алады», - деді шенеунік.
фото: focus.ua