26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Н. Назарбаев «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қойылған міндеттерді орындаймыз деп уәде берді

26 апреля 2015 Просмотры: 1 158

Елбасы бұл туралы ҚР президентін сайлау нәтижелері бойынша экзит-полл қорытындысын жариялау рәсіміне қатысқан кезде айтты, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Ол ел алдына қойылған ауқымды мақсаттарға жету үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін айтқан.

«Бізде білікті мамандар, жеткілікті қаржы-қаражат, саяси орнықтылық, халықтың бірлігі мен достығы бар. Біз индустрияландыру, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қойылған міндеттерді орындаймыз, Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруін қамтамасыз етіп, қазақстандықтардың тұрмысын жақсартамыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.