26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Науқан басынан қазақстандықтар 475 млрд тг астам қаражатты жария етті

18 апреля 2016 Просмотры: 1 603
Науқан басынан қазақстандықтар 475 млрд тг астам қаражатты жария етті

Алматы. 19 сәуір. Ақпараттар орталығы. 2014 жылдың 1 қыркүйегі мен 2016 жылдың 1 сәуірі аралығында өткен жария ету науқаны кезеңінде банктер жалпы сомасы 475,5 млрд теңгеге 623 банк шотын ашты, деп хабарлады ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі.

Хабарланғандай, «Рақымшылық туралы» заңға түзетулер енгізілген күннен, яғни 2015 жылғы 29 қарашадан бастап, сәуір айының басына дейін банктердегі шоттарға 390 млрд. теңге енгізілді.

«Банк шоттары арқылы ақшаны жария ету қарқынының айтарлықтай ұлғаюы заңдастыру рәсімдерін жеңілдетуге, атап айтқанда ақшаны бес жыл ішінде сақтау және 10% алым төлеу жөніндегі талаптардың алынып тасталуына байланысты болып отыр», - деп ҚР ҰБ атап өтті.

Акцияға 30 банк пен Қазпошта қатысып жатыр.

Енгізілген ақша және ашылған шоттар бойынша Алматы мен Астана қалалары, сондай-ақ, Атырау, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстары көш басында келеді. Бұл өңірлер республика бойынша жария етілген ақшаның жалпы сомасының 98 пайызын қамтиды.