26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Назарбаев Университеті Жәутіков олимпиадасы жеңімпаздарына гранттар береді

13 января 2015 Просмотры: 1 266

Алматы қаласындағы О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған  физика-математика орта-мектеп интернаты базасында, математика, физика және информатикадан ХІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (ХЖО)өтуде, — деп хабарлайды ҚР білім және ғылым министрлігі.

Олимпиадаға Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Болгария, Румыния, Сербия және Монғолия сияқты әлемнің 15 елінен 60 команда (400-ге жуық қатысушы) қатысады деп күтілуде.

Халықаралық жюрилер құрамында әлемнің 9 елінің: Қазақстан, Ресей, Болгария, Грузия, Азербайжан, Армения,Белоруссия, Украина және Өзбекстан  ғалымдары жұмыс істейтін болады. Жюрилер төрағасы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы.

ХЖО 11 жыл бойы өзін жыл сайын бір мектептің базасында өткізіліп, жақын және алыс шет елдердің мамандандырылған үздік мектептерінің жекелеген рейтингтері мен мықты командаларының рейтингтерін шығаратын әлемде теңдесі жоқ бірігей олимпиада ретінде таныта білді. Дәстүр бойынша жеңімпаз команда Гран-при иегері атанады. Жеңімпаз командалар мен олимпиада жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталады.

15 қаңтарда,ХЖО жеңімпаздарына білім гранттарын беретін,Назарбаев Университеті университетке академиялық бағдарламасы және қабылдау ережесі туралы тұсаукесерін өткізеді.Жабылуы Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер сарайында өтеді.