26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«Нұрлы жол» бағдарламасы дағдарысқа қарсы жаңа шаралармен толықтырылады

11 февраля 2015 Просмотры: 1 327

Үкімет отырысында президент Н. Назарбаев «Нұрлы жол» бағдарламасын шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіп (АӨК) және бірқатар басымдықты салаларды мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларымен толықтыруды тапсырды.

«Бұл — біздің отандық машина жасауды, экспортшыларымызды қолдау, шағын және орта бизнес үшін инфрақұрылым жасау, АӨК мемлекеттік қолдауды арттыру, ішкі нарықты қорғау бойынша шаралар және басқалары», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол бағдарлама жобаларын қаржыландыруды осы айда жедел түрде бастауды тапсырды.

«Үкімет шұғыл әрі жедел шараларды қолға алу үшін айтарлықтай қор құруы тиіс. Жыл бойы ішкі және сыртқы әсерлердің ықпалымен түрлі жайттар орын алуы мүмкін. Қандай да бір шұғыл жайттар орын алуы ықтимал. Сол үшін мен үкіметке 250 млрд. теңге көлемінде қор құруды тапсырдым», — деді елбасы.