26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Оңтүстік Қазақстан облысында аймақ басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

5 апреля 2016 Просмотры: 2 228
Алматы. 6 сәуір. Ақпараттар орталығы. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары лауазымына Жақып Бөкенбаев тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа әкім орынбасары тұрғын үй – коммуналды шаруашылығы, энергетика, көлік, табиғат пайдалану мен тариф саясатын, байланыс және коммуникация салаларына жетекшілік ететін болады.

Ж.Бөкенбаев еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы «3-Энергоорталық» ААҚ атқарушы директоры болып бастаған. 2002-2005 жылдары «3-Энергоорталық» ААҚ бас директорының бірінші орынбасары және бас директоры, «Түркістанэнерго» ААҚ оңалтуды басқарушысы және атқарушы директоры, «Оңтүстік Жарық» ЖШС директоры, «Астана-финанс» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі, «Қазақстандық коммуналдық жүйесі» АҚ-ның президенті, «Investment Company Capital Management» ЖШС-нің бас директоры ретінде еңбек еткен.

2009-2013 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Электр энергетикасын және көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры, Электр энергетикасын және көмір өнеркәсі департаментінің директоры, «Казақэнергосараптама» АҚ электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Казақэнергиясараптама)» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болған.