26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Орталық сайлау комиссиясы Жұманды, Үктешбаевты және Қайсаровты ҚР президенті сайлауына кандидат ретінде тіркеуден бас тартты

10 марта 2015 Просмотры: 1 243

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) пресс-релизінде тіркеуден бас тарту лингвистикалық комиссияның қорытындысына сәйкес шешілді делінген.

«9 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, онда өз кандидатураларын ұсынған үміткерлер — Қанат Тоқтарұлы Жұманға, Есенбек Жапарұлы Үктешбаевқа және Уәлихан Әбішұлы Қайсаровқа олардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар ретінде тіркеуден бас тарту туралы шешімдер қабылданды», — делінген ОСК хабарламасында.

Аталған үміткерлерге қатысты жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша ҚР Орталық сайлау комиссиясы мынаны анықтады. Қанат Тоқтарұлы Жұман Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның 2015 жылғы 7 наурыздағы №6 қорытындысының негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгермеген.

Есенбек Жапарұлы Үктешбаев ҚР президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның 2015 жылғы 9 наурыздағы №7 қорытындысының негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгермеген.

Уәлихан Әбішұлы Қайсаров ҚР президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның 2015 жылғы 9 наурыздағы № 8 қорытындысының негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгермеген.