26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Өзгерісіз қалдырылды

19 декабря 2014 Просмотры: 1 858

Бүгін Алматы қалалық сотының апелляциялық сот алқасында БАҚ өкілдерінің қатусымен соңғы кезде қоғамды дүрліктірген ұлы композитор Құрманғазы Сағырбайұлы мен ұлы ақын Александр Пушкинді сүйісіп тұрған кейіптегі постерді жасаған тұлғаларға қатысты азаматтық ісі қаралды, деп хабарлайды Алматы қаласының баспасөз хатшысы Қ.Ешімет.

Алматы қалалық соты апелляциялық сот алқасының қаулысымен №2 Алмалы аудандық сотының шешімі өзгеріссіз қалдырылды.Бұған дейін, Алматы қаласы №2 Алмалы аудандық соты Құрманғазы атындағы консерваторияның талап арызы бойынша Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрған кейпін бейнелеген постерді жасаған тұлғаларға қатысты азаматтық ісі қаралып, постерді жасаған «Havas Worldwide Kazakhstan» жарнама агенттігінен Құрманғазы атындағы консерваторияның пайдасына 34 млн. теңге өндіруге шешім қабылданған.