Өзін ұрлап әкеткені туралы хабарлаған бойжеткен 3 жылға бас бостандығынан айырылды
Алматы. 15 сәуір. Ақпараттар орталығы. Оралда сабаққа бармағанын жасыру мақсатында, құқық қорғау органдарына жалған сөз жеткізіп, арызбен жүгінген студент қыз 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
«Орал қалалық соты сабаққа бармағанын жасыру мақсатында, құқық қорғау органдарына жалған сөз жеткізіп, арызбен жүгінген колледж студентіне қатысты қылмыстық іс қарады.Сотталушы 2016 жылдың қаңтар айында Орал қалалық ІІБ-нің Шаған полиция бөліміне белгісіз адамдар Орал қаласы Зашаған кентінде еркінен тыс күштеп автокөлікке отырғызып, ес-түссіз күйінде далалық жерге апарып тастап кеткені жөнінде арыз жазған», делінген жұмадағы хабарламада.
Осы ретте аталып өткендей, сот отырысы барысында сотталушы кінәсін толықтай мойындап, колледждегі сабағына бармағанын ата-анасынан жасыру мақсатында құқыққорғау органына арыз жазғанын айтты. Іс әрекетіне өкінетінін жеткізді.
Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 419 б. 3 б. (ауыр қылмыс жасалғандығы туралы көрінеу жалған сөз жеткізу) айыпты деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.