26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Прокурорлар жұмыс берушілерге еңбек ақысы бойынша 2 млрд теңге қарызын төлетті

12 апреля 2016 Просмотры: 1 776
Прокурорлар жұмыс берушілерге еңбек ақысы бойынша 2 млрд теңге қарызын төлетті

Алматы. 13 сәуір. Ақпараттар орталығы. Жыл басынан бері қадағалау актілерімен 2 млрд. теңге көлеміндегі 30 мыңға жуық азаматтың еңбек ақысы бойынша қарыздарды өтеу қамтамасыз етілген, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

«Прокуратура органдары барлық меншік нысандарындағы кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақының уақтылы берілуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін жүргізуде», - делінген сәрсенбідегі Бас прокуратураның хабарламасында.

Сонымен, жыл басынан бері қадағалау актілерімен 2 млрд. теңге көлеміндегі 30 мыңға жуық азаматтың еңбек ақысы бойынша қарыздарды өтеу қамтамасыз етілген.

Мысалы, осы жылдың сәуір айында Ақтөбе облыстық прокуратурасының қолданған шаралары нәтижесінде «ОйлТехноГрупп» ЖШС, «ЛАД» ЖШС және «Акколь» ЖШС қызметкерлерінің алдында жалпы сомасы 28,2 млн. теңгені құрайтын қарыздың өтелуі қамтамасыз етілді.

Ақмола облысының прокуратурасы құзіретті органдармен бірлесе отырып «Жеке батыр» ЖШС-нің 15 қызметкеріне 148,7 млн.теңге көлемінде қарызды өтеу жөніндегі шараларды қабылдады.

«Азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуына айыпты тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөніндегі мәселелер прокурорлардың ерекше бақылауында», - деп баспасөз қызметінен атап өтті.

Сонымен, жыл басынан бері прокурорлық қадағалау актілері бойынша 245 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.