26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«Қарағандыда жоғалғандар» фильмі Джакартада өткен кинофестивальде ең үздік еуропалық фильм ретінде танылды

9 марта 2015 Просмотры: 1 024

«Қарағандыда жоғалғандар» (Los olvidados de Karagandá) Индонезияның Джакарта қаласында өткен кинофестивалінде ең үздік еуропалық деректі фильм номинациясында жеңіп, кинофестивальдің алтын сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Осыған дейін «Қарағандыда жоғалғандар» 2014 жылдың ең үздік деректі фильмі номинациясында жеңіп, California Film Awards сыйына ие болған.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің қаржылай көмегімен «Nexos» Ассоциациясының өкілдері 2014 жылдың барысында Карлагта тұтқындалған испандықтар туралы 50-минуттық толық метражды деректі фильмді бейнеге түсіру жұмыстарын жүргізген.

Фильм түсіріліміне 2013 жылы қыркүйек айында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Испания Үкіметінің төрағасы Мариано Рахойға Карлагта тұтқындалған испандықтар туралы 152 мұрағат істерін бергені септігін тигізді.

Фильмде осы күнге дейін көптеген испандықтарға беймәлім көзкөргендердің мәліметтері, испандықтарды Карлагқа жіберілу себептері көрсетілген.

Испаниядағы Азаматтық соғыс, Екінші Дүниежүзілік соғыс барысында өзара қарама-қарсы тұрған, бірақ бір лагерьге жиналған Испандық Республикалық партия және «Көгілдір дивизия» өкілдерінің тағдырлары көрсетілді. Фильмде идеологиялық қарсыластар өзара келіспеушіліктерді ұмытып, аман қалу үшін бір-біріне көмектесіп, табыстасатыны баяндалған.

Карлагта жоғалған испандықтардың жақындарына, ұрпақтарына және тарихшылар назарына олардың қамауда тұрған, жерленген жерлері, аман қалғандарымен сұхбаттары, жергілікті халық пен тарихшылар мәлімдемелері ұсынылды, деп хабарлайды министрлік.