26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өз сайты іске қосылды

22 мая 2016 Просмотры: 2 135
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өз сайты іске қосылды
Алматы. 23 мамыр. Ақпараттар орталығы. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің www.ombudsmanbiz.kzресми сайты іске қосылды, деп хабарлады «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен. 

Сайтта кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қызметі жайлы барлық қажет ақпарат, сондай-ақ Қазақстандағы бизнес-омбудсмен институтының қызметін реттемелейтін нормативтік құжаттар қойылған. Кез-келген тілек білдіруші өзіне қажет ақпаратты еркін таба алады, мысалы – уәкіл туралы, кәсіпкерлік қызмет саласындағы ағымдағы жаңалықтар, бизнес саласындағы заңнамаға жаңа енгізілімдер туралы ақпарат, өтініштермен жұмыс жасау тәртібі, өтініш формасы, мемлекеттік құрылымдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттестік туралы келісімдер, пайдалы сілтемелер және тағы басқалары. 

Сондай-ақ, сайт арқылы кәсіпкерлік құқығын қорғау жөніндегі уәкілге тікелей жүгінуге болады. 

ҰКП еске салғандай, 2016 жылғы 19 ақпанда мемлекет басшының өкімімен Болат Палымбетов Әбілқасымұлының Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл болып тағайындалғанын еске саламыз.

Уәкілдің негізгі міндеттері кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттік билік органдарының оларды сақтауын бақылауды жүзеге асыру, бизнес-қоғамдастықпен әрекеттестік, аталмыш саладағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуына және іске асырылуына қатысу, елдегі бизнес-климаттың жақсаруына жердемдесу болып табылады.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, бизнес-омбудсменге мынадай өкілеттіктер берілген: кәсіпкерлер құқығын бұзатын әрекетке барған (әрекетсіздік танытқан) мемлекеттік органдарға бұзылған құқықты қайта қалпына келтіруге арналған шараларға қатысты ұсыныстар, сондай-ақ заңға қосымша нормативтік құқықтық актілерді тоқтата тұру жөніндегі ұсыныстар жолд