26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстан өңірлерінде модульдік 13 жаңа инфекциялық аурухана салынады

18 августа 2020 Просмотры: 1 146 Медицина
Қазақстан өңірлерінде модульдік 13 жаңа инфекциялық аурухана салынады

Алматы. Тамыз 18. Ақпараттар орталығы –Коронавирус індетімен күрес үшін 13 жаңа инфекциялық аурухана салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сіздің тапсырмаңыз бойынша коронавирус індетімен күресу бағытында 13 жаңа инфекциялық аурухана құрылысы жүргізілетін болады. Өз кезегінде қосымша 5 мың тұрақты жұмыс орны ашылады», - деді министр. Ведомство мәліметіне қарағанда, 13 модульдік инфекциялық аурухана 2,7 мың орынға арналмақ. Айта кетейік, Б.Нұрымбетов Үкімет отырысында қазақстандықтарды жұмыспен қамту шаралары жөнінде баяндаған болатын.

Источник: ҚазАқпарат

Читайте также