26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«Қазақстан темір жолы» 2016 жылдың 4 айында 32 млрд теңгеден астам таза табыс тапты

3 мая 2016 Просмотры: 1 940
«Қазақстан темір жолы» 2016 жылдың 4 айында 32 млрд теңгеден астам таза табыс тапты

Алматы. 4 мамыр. Ақпараттар орталығы. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2016 жылдың алғашқы төрт айындағы таза табысы 32,6 млрд теңгені құрады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
 

Хабарланғандай, Қазақстан аумағы арқылы «ҚХР-Еуропа-ҚХР» бағыты бойынша контейнерлік тасымалдау 2016 жылдың қаңтар-сәуір аралығында өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 205%-ға артты. Бұл компанияға швейцариялық франкпен валюталық табысын арттырып, жақсы қаржылай нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
 

Компанияның таза табысы ағымдағы жылдың 4 айында 32,6 млрд теңгені құрады.
 

2006 жылы тартылған 350 млн долл сомасындағы 10-жылдық еврооблигацияларды өтеу бойынша компания барлық соманы эмитент - Kazakhstan Temir Zholy Finance B.V. одан ары еурооблигацияларды ұстаушыларға төлеу үшін өтеді.
 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қаржылық міндеттемесін дер кезінде және толығымен өтеуі оның қарыз алушының бизнес стратегиясындағы халықаралық рейтингілік агенттіктері бекіткен: Moody’s– Baa3; Fitch– BBB; S&P– BB мәртебесінің тұрақты екендігін дәйектеді», - деп компанияның хабарламасында атап өтілген.