Қазақстанда алдағы күндері жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтілуде
Алматы. 23 ақпан. Ақпараттар орталығы. Қазақстан облыстарының көбінде 23-25 ақпанда жауын-шашынсыз және нормадан жоғары температура күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Хабарда айтылғандай, ауқымды Сібір антициклоны Қазақстанның ауа райысына ықпал етуді жалғастыруда. Сондықтан республиканың көптеген облыстарында алдағы үш тәулікте аздаған бұлтты және жауын-шашынсыз. Алайда тропосферада ауа ағындары батыс және оңтүстік батысқа ойысады.Соған байланысты ауа температурасы климаттық нормадан 5-10º жоғары болады.
Ресейдің еуропалық аумағынан келетін жылы атмосфералық фронттардың ықпалында болып, тек Қазақстанның батыс және солтүстік аудандарында кей жерлерде қар жауып, 15-20 м/с жел тұрады, көктайғақ болады.