29 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда алғаш рет көмірсутек шикізаты бойынша электронды аукцион өтеді

29 сентября 2020 Просмотры: 1 818 Экономика
inform.kz
Фото: inform.kz

Алматы. 29  қыркүйек. Ақпараттар орталығы -  Қазақстанда алғаш рет көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электронды аукцион өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион электронды аукциондар операторының сайтында өткізіледі. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукцион 2020 жылғы 23 желтоқсанында болады. Аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өткізіледі. Аукцион арқылы 10 учаскені сату жоспарлануда», - деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен. Аукционға өтінімді 29 қарашаны қоса алған мерзімге дейін электрондық аукциондар операторының сайтында аукционға қойылған учаскелер бойынша беруге болады.

Источник: ҚазАқпарат

Читайте также