Қазақстанда дағдарысқа қарсы шаралар шабуылдық сипатқа ие
Бұл жөнінде Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары Лейла Мұзапарова Астанада болып өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.
«Қазақстанның стратегиялық артықшылығы дағдарысқа қарсы шаралардың шабуылдық сипаты болып табылады, бұл әлемдік экономикадағы ауыр жағдайға қатысты экономикалық серпіліс үшін тұғырнама даярлауға қатысты», — деді Л.Мұзапарова.
Оның айтуынша, Қазақстан Үкіметі ішкі және сыртқы факторларға үнемі мониторинг жасап отыр. Сондай-ақ, Үкімет экономикалық жағдайға байланысты әсер ету жоспарлары мен кестелерін дайындады.
Директордың орынбасары атап өткендей, Мемлекет басшысы ұсынған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты экономиканың ішкі факторына әсер ету механизмі болып табылады.