26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда көктемгі әскери қызметке шақыру аяқталды

30 июня 2016 Просмотры: 1 598
Қазақстанда көктемгі әскери қызметке шақыру аяқталды

Алматы. 1 шілде. Ақпараттар орталығы. Қазақстанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру аяқталды, деп хабарлады ҚО қораныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Ағымдағы жылғы сәуірдің 13-і мен маусымның 30-ы аралығында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына кейінге шақырылуға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ шақырылым жасындағы 15 000-ға жуық азамат шақырылды» - делінген хабарда.

Жергілікті әскери басқару органдары 10 шілдеден бастап 2016 жылдың күзінде мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын шақырылушыларды алдын ала зерделеуге кіріседі.
«Зерделеу шақырылушымен, оның ата-анасымен, сондай-ақ шақырылушы жұмыс жасап немесе оқып жүрген кәсіпорын немесе оқу орнының әкімшілігі өкілдерімен жеке әңгімелесу арқылы жүргізіледі. Жеке әңгімелесу барысында шақырылушының моральдық және іскерлік қасиеттері, денсаулық жағдайы, дене тұрғысындағы дамуы, жалпы білімі мен арнайы дайындығы, отбасы жағдайы туралы мағлұматтар нақтыланады», - делінген хабарда.

Баспасөз қызметінде атап өткендей, шақырылушыларды сапалы түрде зерделеу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер органдары, АХАЖ, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау органдарының өкілдерімен жұмыс жүргізілетінін айта кетейік.

Азаматтарды шақыру «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңы, сонымен қатар, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және 2016 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке ҚР азаматтарының кезекті шақырылуы туралы» ҚР Президентінің Жарлығы негізінде ұйымдастырылып, өткізілді.