Қазақстанда оралмандарды орналастыруға арналған өңірлер анықталды
Алматы. 29 ақпан. Ақпараттар орталығы. Қазақстан үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы қаулысымен оралмандар мен қоныс аударушыларды орналастыруға арналған өңірлер анықталды.
Сонымен, үкімет қаулысының 1 қосымшасына сәйкес оралмандарды орналастыруға арналған өңірлер ретінде Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары белгіленген.
Ал қоныс аударушылар үкімет қаулысының 2 қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына орналасады.