26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстандық экспортшылар $30 млн-ға Иранға ет жеткізу туралы келісті

7 февраля 2016 Просмотры: 1 905

Алматы. 8 ақпан. Ақпараттар орталығы. Қазақстанның сыртқы сауда палатасының ықпал етуімен қазақстандық экспортшылар 30 млн АҚШ доллары сомасына қой және сиыр етін жеткізу туралы ұзақ мерзімді коммерциялық келісімшарт жасады, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметінен.

Атап өтерлігі, бұл Иран Ислам Республикасынан санкция алынып тастағалы қазақстандық делегацияның Тегеранға іскери сапары аясында екі ел арасында жасалған алғашқы келісім шарт
«Бұл келісім шарт екі елдің стратегиялық әріптестігіне бастау болады деп санаймын. Оған Қазақстан мен Иран бизнес-қауымдастығы ынтымақтастығына деген үлкен қызығушылық дәлел», — деді Қазақстанның сыртқы сауда палатасы басқармасының төрағасы Меирбек Мәжитов.
Ол осындай қарқынмен біздің елдің сауда-экономикалық қарым-қатынас динамикасын арттыруға және әріптестікке дамудың жаңа серпінін беруге болатынына сенімді.
«Қазақстандық кәсіпкерлерді АӨК мен тамақ өнеркәсібі саласында өз қызметтерін жандандыруға шақырамын, себебі аталмыш салаларды дамытудың Қазақстанда әлеуеті зор. Қазіргі таңда әлемдік тұтыну, әсіресе экологиялық таза тағамдарды тұтыну артып отыр», — деді М. Мәжитов