26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстандық үш зымыранды-артиллериялық кеме Каспий теңізінде жаттығу жүргізеду

28 апреля 2015 Просмотры: 1 128
Үш күн бойы Каспийде әскери теңізшілер теңіз маңында жүзуді және су жолындағы қауіптерді, 30-40 метрдегі якорді кемеге қоюды іске асырды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Осы орайда Халықаралық МСС-65 жиын дабылына сәйкес дабыл беріліп, жалаушамен белгі жасалады. Сондай-ақ борттан тыс қалып қойған адамды суға түсу тәсілі арқылы құтқару жұмыстары пысықталады.
Теңізшілер үшін аталған тәжірибе сабақтары – алдағы Халықаралық «Каспий теңізі – 2015» жарысына жақсы жаттығу болмақ.
Оқу-жаттығу аяқталысымен теңізшілер ашық теңізде су астындағы қорғанысқа қарсы кемелер мен құрылымдарды іс жүзіндегі сабақтарға кірісуді жоспарлауда. Сонымен қатар су асты және әуе нысаналары бойынша ату жаттығуларын іс жүзінде пысықтайды.
Министрліктің хабарлауынша, «Каспий теңізі – 2015» — каспий маңы елдері әскери-теңіз күштерінің қатысуымен өткізілетін алғашқы сайыс. Жарыс биыл жазда Каспий теңізіңде өтеді. Теңіз биатлонына отандық «Қазақстан», «Орал», және «Сарыарқа» зымыранды-артиллериялық кемесінің экипаждары, сондай-ақ теңіз жаяу әскерлерінің бригадасы қатысады.