28 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстандықтар жеңілдікпен автонесиелеу бойынша 17 млрд теңге алды

17 февраля 2016 Просмотры: 1 759
Алматы. 18 ақпан. Ақпараттар орталығы. Жеңілдікпен автонесиелеу кампаниясы басталғалы бері қазақстандықтарға коммерциялық банктер арқылы 17 млрд теңге берілді.
Қазақстан даму банкі (ҚДБ) баспасөз қызметі хабарлағандай, «Қазақстанның Даму Банкі» 2016 жылдың 11 ақпандағы жағдай бойынша жеңілдікті автонесие беру бағдарламасының шеңберінде жеке тұлғалардан несие алуға түскен 5 161 сұранымды шамасымен 16 млрд 904,8 млн теңгеге мақұлдады.
«Олардың ішінен екінші деңгейдегі 6 банк отандық көлік өндірушілердің автокөліктерін сатып алуға жалпы сомасы 14 502,2 млн теңгеге 4 523 несие берді»,- делінген хабарда.
Бұл ретте Ұлттық қордан бөлінген 15 млрд теңге сома көлеміндегі бірінші транштың 87% игерілді, 13 млрд теңге автонесие берілді. 2016 жылы 11 млрд теңге көлемінде бөлінген екінші транштың қазіргі таңда 12,7% игерілді, яғни 1,4 млрд теңге көлемінде автонесие берілді.